+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

2050 жылға қарай Қазақстан халқының 25 пайызы Алматы агломерациясында тұрады

2019 жылғы 4 желтоқсан 15:44
Бөлісіңіз:
2050 жылға қарай Қазақстан халқының 25 пайызы Алматы агломерациясында тұрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Электронды үкімет порталында Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы жайлы жаңа құжат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сексеуілді қорғауға шақыратын «4 тонна құм» арт-қондырғысы пайда болды Жастардың жікке бөлінуі жақсылыққа апармайды - маман пікірі №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

Бұл құжатта Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар ауданы, Қапшағай қалалық әкімшілігі кіретін Алматы агломерациясына түсінік беріледі.

Жалпы, Алматы агломерациясының аумағында 5 қала және 5 ауданның 183 ауылдық елді мекені орналасқан. Қарасай және Талғар аудандарының аумақтары агломерация құрамына толығымен кірді.

2025 жылға қарай агломерациялық байланысты дамыту аймақтарында халық санының 3234 мыңға дейін немесе 16,2% (450,7 мың адамға) өседі деп болжанып отыр. Соның ішінде қала халқы 17,3% (немесе 345,5 мың адам), ауыл халқы 13,3%-ға (105,2 мың адам) артады. Халық құрылымындағы қала тұрғындарының үлес салмағы шамалы артады. Осылайша, 2025 жылға қарай қалалық жерлерде - 2339,3 мың адам, ауылдық жерлерде – 894,7 мың адам тұрады.

2035 жылға қарай Алматы агломерациясы халқының саны бастапқы жылмен салыстырғанда 35,6% немесе 991,7 мың адамға артады.

Жобалаудың болжамды мерзіміне қарай (2050 жыл) Алматы агломерациясында 4530,8 мың адам немесе бүкіл республика халқының 24,5%-ы тұратын болады. Атап айтқанда, қалалық жерлерде 3351,9 мың адам, ал ауылдық жерлерде – 1178, 9 мың адам тұратын болады. Алматы агломерациясы халқының барлық санының өсу қарқыны 2050 жылға қарай 62,8%-ға жетеді. Алматы агломерациясының қарқынды агломерациялық процестері аймағына - 148 елді мекен, белсенді аймаққа - 31 елді мекен, ал әлсіз агломерациялық процестер аймағына 10 елді мекен кіріп тұр.

«Алматы агломерациясы халқы санының артуы табиғи және миграциялық өсімге байланысты. Халықтың көші-қон ағыны артқан және табиғи өсімі жалғасқан жағдайда, Алматы қаласы халық санының өсу қарқыны бойынша көшбасшылар қатарында қала береді. Әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымның, аумақтың экологиялық жағдайы мен еңбек нарығының мүмкіндіктерін ескерместен елдің басқа өңірлерінен халықтың ағылуы жүйесіз сипатқа ие болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта Алматы қаласының басты проблемасы халық тығыздығы болмақ» делінген құжатта.

Алматы қаласының аумақтық өсуін реттеу үшін мынадай бағыттар ұсынылады:

1) солтүстік бағытта:

Қапшағай қаласының базасында контрмагнит қала және оның Алматы қаласына әлеуетті бағдарланған халықтың маңызды бөлігін «кейін тартуға» қабілетті аумақтық ресурстарын құру көзделген. Өйткені, солтүстікке қарай жылжығанда сейсмикалық қауіп азаяды. Себебі, Қапшағай қаласы маңындағы аумақтың сейсмикалық қаупі Алматы қаласына қарағанда 2 балға төмен.

Сондай-ақ, таудан қашықтау шамасына қарай аумақ ауасының желдетілуінің жақсаруы, су ресурстарының қоры (жерүсті, жерасты), Қапшағай су қоймасына іргелес аудандарда құнды ауыл шаруашылық және қорық аумақтарының болмауы, халықтың су жағасындағы демалысын ұйымдастыру үшін жағдайдың жақсаруы тағы бар.

G-4 City төрт серіктес қала құрылысының жобаларын іске асыруды итерациялық тәсіл негізінде жүзеге асыру керек. Бірінші кезеңде инфрақұрылымға салынған қаражатты ескере отырып, Gate City қаласын салу ұсынылады. Жобаны іске асырған жағдайда Gate City қаласының халық саны 2035 жылға қарай 60 мың адамды құрайды.

2050 жылға қарай өңірде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайға байланысты құрылған қоныстар негізінде қалған серіктес қалаларды салудың орындылығын қарастыру қажет. Бұл ретте жаңа серіктес қалалардың құрылысы Алматы қаласының азық-түлік белдеуін дамыту қажеттігін ескере отырып, құнды ауыл шаруашылығы алқаптарының қысқаруына, сондай-ақ экологиялық жай-күйінің нашарлауына және инфрақұрылымға жүктемелердің ұлғаюына әкеп соқпауы керек.

Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипаттамаларды ескере отырып, Жаңа Іле қаласын салудың орынды екенін 2050 жылға қарай қарау қажет;

2) оңтүстік бағытта:

рекреациялық мақсаттағыларын қоспағанда, құрылыстың барлық түрлерін шектеу;

3) шығыс және батыс бағыттарда:

батыста - Ұзынағаш ауылының базасында Алматы қаласының контрмагнитін қалыптастыру, көліктік-логистикалық функцияларды және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту көзделген,

шығыста – агломерацияның ықпал ететін аймағында орналасқан Шелек ауылын әлеуетті контрмагнит қалаға айналдыру керек.

Қаскелең, Талғар серіктес қалаларын, Өтеген батыр ауылын көлік-логистикалық функциялар және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу орталығы етуге және Жетіген ауылын көлік-логистикалық орталыққа айналдыру, Түрген мен Есік қалаларын рекреация, туризм және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орталығы ретінде дамыту керек.

Ұсынылып отырған шаралар өзек-қалаға көші-қон ағынын реттеуге ықпал етеді. Контрмагнит қалалар халықтың көші-қон ағынын өзіне тартады.

Құжат 13 желтоқсанға дейін талқылауда болмақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT