2030 жылға қарай Орталық Азияның экономикалық өсімі қандай болады

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бүгін Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жаңартылатын энергия көздерін дамыту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын Орталық Азия өңірі перспектива, сауда-экономикалық әрі инвестициялық өзара іс-қимыл тұрғысынан тартымды болып келеді. Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша 1993 жылы Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімі 45 млрд АҚШ долларын құраған еді, ал 2019 жылға қарай бұл көрсеткіш 8 есе өсіп, 347 млрд АҚШ долларына жетті. 2030 жылға қарай бұл сома екі есеге өсіп, 610 млрд АҚШ долларына жуықтайды деп күтілуде», - деді Қырғызстан Президенті.

Осы орайда ол форумның мақсаты өңірлер арасында экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға арналғанын еске салды.

Бұдан бөлек С. Жапаров 2050 жылға қарай «жасыл» даму тұрғырнамасында Қырғызстан көміртегі бейтараптылығына жетуге тырысатынын айтты. Бұл ретте жаңаратын энергия көздеріне екпін қойылады. Бірінші кезекте гидроэнергетикаға ерекше мән берілмек.

«2030 жылға қарай Қырғызстан парникті газ шығарындыларын 44 пайызға қысқарту мақсатын қойып отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар