2030 жылға қарай күн энергетикасы көмір энергетикасынан арзан болады - Н. Қаппаров

None
None
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - 2030 жылға қарай күн энергетикасы көмір энергетикасынан арзан болады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті.

Еске салсақ, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Депутаттар сауалына жауап берген министр Н. Қаппаров алдағы уақытта әлемде көмір, мұнай секілді шикізат бағалары арта беретінін, жаңартылатын энергетика көзі керісінше төмендей түсінетінін алға тартты. «Мысалы күн панельдерінің бағасы 2000 жылдан бері қарай 85 пайызға дейін арзандапты. Бұл саланың мамандары әлі де жылына 10 пайызға дейін бұл энергетиканың бағасы төмендейтінін айтады. Жалпы, 2020-2030 жылдарға қарай күн энергетикасы көмірдің энергетикасынан арзан бола бастайды», - дейді Н. Қаппаров. Оның сөзіне қарағанда, мұндай болжамдарға сүйенсек, жаңартылатын энергия көздерін қолдауды бүгіннен кешіктірмеген абзал.

Соңғы жаңалықтар