2030 жылға қарай Қазақстанның су ресурстары 100-ден 85 миллиард текшеметрге дейін төмендейді деп күтілуде

None
None
АНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2030 жылға қарай Қазақстанның су ресурстары 100-ден 85 миллиард текшеметрге дейін төмендейді деп күтілуде.

Бұл мәліметті бүгін елордада өткен «2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында бейімделу  шараларын  әзірлеу және су ресурстарының қысқаруына климаттың әсері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімов келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Оның айтуынша, еліміздегі су ресурстарының қысқаруының бірнеше себептері бар екен. Атап айтқанда, ірі  трансшекаралық өзендер деңгейінің төмендігі, яғни Қазақстанның географиялық орналасуы тіршілік көзі - судың төмендеуінің басты себептерінің бірі.

 Елімізбен шектес мемлекеттер жыл сайын су тұтынуды ұлғайтуда, осының салдарынан біздің өзендердің деңгейі азаюда. Бұған  мемлекет ішіндегі су ресурстарын тиімді пайдаланбау да өз әсерін тигізіп отыр. Ал климаттың ғаламдық жылынуының салдарынан жауын-шашындар азайып, судың булануының ұлғаюы, сондай-ақ  мұздықтардың қарқынды еруі мен өзен ағыстарының төмендеуі де ықпал етуде.

 Осыған орай Ә.Кеншімов, әсіресе, судың 80 пайызға жуығын пайдаланатын ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату қажет деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар