2030 жылға қарай ел аумағында жауын-шашын 1-3% дейін азаяды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2030 жылға қарай орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 1-3% төмендеуі мүмкін. Мұндай дерек Ашық НҚА порталында жарияланған ҚР Су кодексі жобасының тұжырымдамасында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағында жылдың барлық айларында жер бетіндегі ауа температурасы 0,8-1,2 градусқа көтерілгені байқалады. Сондай-ақ, 2030 жылға қарай жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1-3% төмендейді деп күтілуде. Бүгінгі таңда Қазақстанда мұздықтардың тез еріп жатқанын көріп отырмыз. Алдағы уақытта да осы қарқынмен еритін болса, бұл болашақта су қауіпсіздігі проблемаларының күрт шиеленісуіне әкеліп соғуы әбден мүмкін. Бұл бүкіл Орталық Азия өңірі елдерінің орнықты дамуына нақты қауіп төндіреді», - деп көрсетілген құжатта.

Тұжырымдамада жазылғандай, Қазақстандағы су дағдарысының деңгейі - 31%.

Елімізде өткен ғасырдың 60-шы жылдары өзен бассейндердегі су қорының орташа жылдық ағыны 121,1 шаршы шақырым болса, қазір ол 102 шаршы шақырым.

Алдын ала есеп бойынша 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 99,4 шаршы шақырымға дейін азаю қаупі бар.


Соңғы жаңалықтар