+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді

2021 жылғы 22 қаңтар 09:49
Бөлісіңіз:
2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Әділет министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ғылыми ұйымдармен және ғалымдармен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, жаңа Тұжырымдама конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да заңнама салаларын дамыту тәсілдерін қамтиды.

«Біз Тұжырымдама жобасында қамтылған құқықтық жүйені жетілдіру жөніндегі шаралар Қазақстанның одан әрі орнықты дамуының қажетті құқықтық алғышарттарын қалайды деп күтеміз», - деді Наталья Пан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT