2030 жылға дейін энергетика саласына 15 млрд доллар инвестиция тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның электр энергетикалық саласы «пайдалану моделінен» «инвестициялық модельге» ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимовтың айтуынша, аталмыш мақсатқа 2030 жылға дейін 15 млрд доллар инвестиция салу көзделген.

«Тұтыну көлемінің өсу серпінін ескере отырып, Қазақстанның электр энергетикалық саласының алдында «пайдалану моделінен» «инвестициялық модельге» ауысу мәселесі тұр. Бұл бірінші кезекте жаңа қуаттарды енгізуді және жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңартуды талап етеді. 2030 жылға дейін бұл мақсатқа тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі кемінде 15 млрд.доллар болады», - деді ведомство өкілі орталық коммуникациялар қызметінің алаңында.

Вице-министр қазір жұмыс істеп тұрған станциялардың қуаттарын арттыру үшін 2022-2026 жылдар аралығында 400 млрд.теңгеден астам инвестиция салу жоспарланғанын айтады. Осының арқасында электр энергиясын өндіруші нысандардың әлеуеті 1 325 МВт-артады.


Соңғы жаңалықтар