2028 жылға қарай 212 мың әйел зейнетке ерте шыға алады – статистика

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілді. Осы орайда Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2028 жылдың басында 324 мыңның орнына 536 мың әйел зейнетке шығу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2027 жылы әйелдер үшін зейнетке шығудың жас шегі 63 емес, — 61. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2028 жылдың басында Қазақстанның 324 мың тұрғынының орнына 536 мың әйел зейнетке шыға алады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жаңа заң бойынша әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деп бекітілді.

Одан бөлек, ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығатынын түсіндірген еді.

«2028 жылға дейін әйелдерге арналған зейнет жасы 61 жас деңгейінде бекітілді. Осы қабылданған заңға сәйкес, 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы - 61,5, 2029 жылдан – 62 жас, 2030 жылдан – 62,5 жас және 2031 жылдан бастап 63 жасты құрайтын болады. 2028 жылға дейін тек белгіленген жас көзделген. Бірақ одан кейін жарты жылдан қосылып, еңбек жасы ұлғаятын болады», - деді вице-министр.


Фото: www.tagesspiegel.de



Соңғы жаңалықтар