2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығады - вице-министрдің жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2028 жылға дейін әйелдерге арналған зейнет жасы 61 жас деңгейінде бекітілді. Осы қабылданған заңға сәйкес, 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы - 61,5, 2029 жылдан – 62 жас, 2030 жылдан – 62,5 жас және 2031 жылдан бастап 63 жасты құрайтын болады. 2028 жылға дейін тек белгіленген жас көзделген. Бірақ одан кейін жарты жылдан қосылып, еңбек жасы ұлғаятын болады», - деді вице-министр.

Қоса кетсек, бұған дейін 2023 жылы күнкөріс шегі, төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері қандай болатынын хабарлап едік.

Сонымен қоса, алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері өседі.


Соңғы жаңалықтар