2026 жылы бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы Өзбекстанда өтеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 2026 жылы Өзбекстанда өтеді. Бұл туралы Өзбекстан шахмат федерациясының президенті Әлішер Садуллаев өзінің Telegram-каналында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті шешім Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Бас ассамблеясында қабылданды.

Турнирді өткізуге Польша мен Замбия да өтініш білдірді, бірақ олар өз үкіметінің кепілдік хатты жоқтығынан финалдық турға қатыса алмады.

Нәтижесінде делегаттардың бүкіл даусы Өзбекстанға берілді.

Өзбекстан бұл жарысты алғаш рет өткізеді. Ташкент немесе Самарқанд таңдалады.

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Үндістанның Ченнаи қаласында 44-ші шахмат олимпиадасы өтіп жатыр.

45-ші шахмат олимпиадасы 2024 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өтеді.


Фото: t.me/alisher_sadullaev


Соңғы жаңалықтар