2025 жылы Жапонияда өтетін ЭКСПО көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары тағайындалды

None
Фото: qazexpocongress.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «ЭКСПО-2025 Осака» дүниежүзілік көрмесіндегі секцияның Бас комиссарын тағайындау туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2014 жылғы 16 сәуірдегі ҚР Заңымен ратификацияланған 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 13-бабына сәйкес, ҚР Үкіметі қаулы етеді:

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Қуандықұлы Еркімбаев «ЭКСПО-2025 Осака» дүниежүзілік көрмесіндегі секцияның Бас комиссары болып тағайындалсын», - делінген Үкімет қаулысында.

Еске салайық, ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесі Жапонияның Осака қаласында 3 мамыр мен 3 қараша аралығында өтетін болады.


Соңғы жаңалықтар