2025 жылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы толық шешіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір елімізде апатты жағдайдағы 30-ға жуық мектеп бар. Олардың орнына жаңа мектеп салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде 7600-ден астам мектеп бар. Соның ішінде апатты жағдайдағы мектептер проблемасы да шешіліп жатыр. Қазір апатты жағдайдағы 30-ға жуық мектеп бар. Олардың орнына жаңа мектеп салу жұмысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, өткен жылы 277 жаңа мектеп ашылса, биыл 260-қа жуық мектеп қолданысқа беріледі. Өздеріңіз білетіндей, Президент тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салу міндеті тұр», - деді Асхат Аймағамбетов елордадағы №86 мектеп-гимназияда өткен алғашқы қоңырау салтанатты шарасы барысында.

Оның айтуынша, министрліктің мақсаты – апатты жағдайдағы мектептерді мүмкіндігінше ертерек анықтап, оны жаңаға ауыстыру.

«2025 жылға дейін 1 мың мектепті салу арқылы елімізде толығымен үшауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы шешілетін болады. Апатты жағдайдағы мектептер бойынша біз жыл сайын тексеріс жүргізіп, анықтап отырамыз», - дейді ол.

Бұған дейін оқу-ағарту министрі халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған оқушылардың ЖОО-ға тегін түсу мүмкіндігінің берілетіні туралы мәлім еткен еді.

Айта кетейік, бүгін білім күніне орай Асхат Аймағамбетов елордадағы №86 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысты.


Соңғы жаңалықтар