2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қорытындысында ел халқының 94 пайызы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл 17 млн 700 мың адамды қамтиды. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау үшін шамамен 1 млн 300 мың азаматымыз тұрып жатқан 1 922 ауылдық елді мекендге орталықтандырылған сумен жабдықтау және су тазарту жүййелерін салу міндеті орындалатын болады. Осылайша, 2025 жылға қарай ел халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар вице-премьер Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы қалалар мен ауылдарды дамыту тапсырмасын орындау үшін Үкімет қандай жұмыстар атқаратындығына тоқталды.

«Үкімет қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамыту үшін мынадай бағыттарға баса назар аударады: кәсіпкерлік қолдау, зәкірлік жобаларды жүзеге асыру арқылы экономиканы әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымдарды салу және жаңғырту, көлік байланысы проблемаларын шешу, әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспарларын жүзеге асыру және басқалары», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар