2025 жылы ішкі нарықтағы отандық фармацевтикалық өнім үлесі 50 пайызға жетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылы ішкі нарықтағы фармацевтикалық өнімдердің 50 пайызы қазақстандық өндірістен болады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Кешенді жоспар іс-шараларын жүзеге асырудың нәтижесінде фармацевтиалық нарықтағы отандық өндірістен шыққан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үлесі 17-ден 50 пайызға дейін артады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жергілікті қамтумен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу үлесі 30 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғаяды.

«Қорытындысында 2025 жылға қарай ішкі нарықтағы фармацевтикалық өнімдердің 50 пайызы қазақстандық өндірістен болады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар