2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы көлемі артады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы артады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент жиынтық зейнетақы мөлшері өсетінін айтты.

«Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітілетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар