+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14 пайызға дейін қысқарады

2021 жылғы 23 қыркүйек 18:15
Бөлісіңіз:
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14 пайызға дейін қысқарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14 пайызға дейін қысқарады. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингіде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын 109 оқу орталығы жұмыс істеп тұр Бастау бизнес: Алматыда 277 адам мемлекеттік қолдауға ие болды Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — ВАК отырысы өтті

«Экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылға дейін жекешелендірудің кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. Нысандардың 50 пайызы, ал олардың кешенді жоспардағы саны 733, осы жылдың соңына дейін жекешелендіруге қойылады. 2022 жылы 30 пайызы, ал 2023 және 2024 жылдары 10 пайыздан жекешелендіріледі. Жекешелендірудің әрбір нысаны бойынша Мемлекеттік мүлік тізіліміге оларды сату жол картасы әзірленіп, енгізілді», - деді Әлихан Смайылов.

Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде Мемлекеттік мүлік комитетінің электронды алаңындағы ашық сауда-саттық арқылы жекешелендіру толыққанды жүргізіліп жатыр.

«Толықтай алғанда, бұл іс-шаралар 2025 жылға қарай экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін 14 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді бірінші вице-премьер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT