2025 жылға қарай Қазақстандағы музейлер цифрландырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өңірлік музейлер мен архивтерді цифрландыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен электронды деректер қорын құру мәселесіне назар аударған жөн. Бұл үшін автоматтандырылған есеп жүйесін енгізу қажет. Автоматтандырылған есеп жүйесі болса және цифрлық образдарды ірі және ұсақ экспонаттарға айналдыратын техника болса, цифрландыру дәуірі өз нәтижесін көрсетті деп айта аламыз», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләш Ақтаева «Қазақстан музейі: жаһандану мен ақпараттандыру дәуіріндегі идеялар» сессиясында.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай Қазақстан музейлерін цифрлық форматқа аудару жоспарланған.

«Бұл уақытта елдегі және шет елдері ақпаратты іздеу мен жинауды ұйымдастырып, электронды деректер базасын енгізіп, ғылым-зерттеу ақпараты ретінде кез келген тұтынушыға ұсыну мәселелері талқыланып отыр. Яғни, 2025 жыл - цифрландыру жұмыстарының алғашқы нәтижелерін көретін меже», - деп түсіндір ол.

К. Ақтаева қазіргі уақытта өңірлердің цифрлық форматқа ауысуға дайын екенін, олардың бүгінгі сессияға қатысуының өзі - цифрландыру мәселесінің өзектілігін білдіретінін атап өтті.

«Бұл - ұзақ уақытты талап ететін процесс, оған бір немесе бес жыл жеткіліксіз. Сондықтан, цифрландыру процесін бастап, жүйелі түрде жұмыс істесек, тарихи мұраларды цифрлық форматқа ауыстыру бойынша нақты нәтижелерді көреміз», - деді Күләш Ақтаева.

Соңғы жаңалықтар