2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік салаға 4,4 трлн теңге инвестиция тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік салаға 4,4 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл әлемдік ауыл шаруашылығы үшін күрделі болды. Бұған созылған пандемия да, ауа райының қолайсыз болуы да әсер етті. Сұраныстың қалпына келуі әлемдегі азық-түлік инфляциясының айтарлықтай өсуіне себеп болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша осы жылдың қараша айының нәтижесінде азық-түлік бағалары индексінің өсуі жылдық мәнде 27,3 пайызды құрады. Осының барлығы әлемдік деңгейде азық-түлікке сұраныс пен олардың бағасының өсуіне себеп болды», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Премьер-Министр сарапшылардың бағалауы бойынша 2050 жылға қарай азық-түлікке сұраныс 70 пайызға ұлғаятынын айтты.

«Жалпы, агроөнеркәсіптік саланы одан ары дамыту үшін 934 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олар 2025 жылға қарай салаға 4,4 трлн теңге инвестиция тартуды қамтамасыз ететін болады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар