USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

2025 жылға қарай 22 мың нысан мүгедектерге қолжетімді болады

2021 жылғы 23 қараша 17:09
Бөлісіңіз:
2025 жылға қарай 22 мың нысан мүгедектерге қолжетімді болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай елімізде 22 мың нысан мүгедекті жандардың кіріп-шығуына ыңғайлы болады. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) өңірлер тұрғысында Нысандардың қолжетімділігі картасы жұмыс істеп тұр. Онда ел бойынша 35 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүгедек жандарға бейімделуі туралы мәліметтер қамтылған. Аталған нысандар қолжетімділіктің 3 санатына бөлінген: қолжетімді, ішінара қолжетімді, қолжетімді емес. Қолжетімділік мүгедектігі бар 4 санатына қатысты қарастырылған. Атап айтқанда, адам ағзасы функцияларының бұзылу сипаты, есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және тек кресло-арбалармен жүріп-тұру мүмкіндігі бар адамдарға ескерілген.

«2025 жылға дейінгі кезеңде 22 мың нысан ең басым болып белгіленді. Бұл бірінші кезекте - мемлекеттік мекемелер, ХҚКО, емханалар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандары сияқты мүгедектігі бар адамдар жиі баратын нысандар», - деді Анархан Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT