+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

2025 жылға дейін жыл сайын 150 жаңа вагон сатып алынады

2019 жылғы 9 қыркүйек 14:15
Бөлісіңіз:
2025 жылға дейін жыл сайын 150 жаңа вагон сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов билет тапшылығын жою шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда көлік желілері туралы интерактивті карта жасалды «ҚТЖ»: Пойыздар карантин жарияланған қалаларға бармайды Оралда автокөлік қоршауға ілініп қалды

Оның айтуынша, билет тапшылығын қолдан жасау мен алыпсатарлық негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

«Бүгінде билет тапшылығын қолдауға қарсы жұмыстар жалғасуда. Заңсыз алыпсатарлықты тоқтату үшін темір жол тасымалындағы тұрмыстық жемқорлықты жою жөнінде жол картасы қабылданған. Жолаушылар тасымалы жүйесін жақсарту жоспары құрылып, билет тапшылығын жою бойынша жұмыс топтары құрылды. «ҚТЖ» ҰК АҚ ревизорлық қызметі көпфункциялы орталықтар болып қайта құрылды», - деді Ж. Тайжанов министрлікте өткен брифингте.

Сонымен бірге, ҚР Әкімшілік құбық бұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізіп, алыпсатарларға қатысты қатаң шаралар қолдану қарастырылған.

«Әзірге вагон тапшылығын төмендету үшін биыл 63 вагон алынды, оның 40 данасы қолдануға берілді. Қыркүйектің соңына дейін 23 вагон жеткізіледі. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға дейін жылына 150 вагон сатып алуды көздеп отырмыз», - деді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT