+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

2025 жылға дейін Түркістанда 26,5 мың пәтер салынады – Айдос Үкібай

2021 жылғы 13 мамыр 20:11
Бөлісіңіз:
2025 жылға дейін Түркістанда 26,5 мың пәтер салынады – Айдос Үкібай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Скептиктер маңызды факторды ескермеген еді: Нұрсұлтан Назарбаев басталған ісін әрдайым аяғына дейін жеткізеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға сапары туралы ой-толғамымен бөліскен Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының бұл жобасы, өзі атап өткендей, тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңінде-ақ жоспарланған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың 20 жылдығын өткеріп, Қазақстанның рухани астанасын жаңғыртуға кірісу туралы кезекті стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдаған болатын. Сол үшін 2018 жылы Түркістан облысын құру және облыс орталығын Түркістанға көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойылған күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті кеңес өткізіп, онда ұлттық компания басшылары мен ірі бизнес өкілдерін қаланың құрылысына белсенді қатысуға шақырды», - деп еске алады Елбасының баспасөз хатшысы.

Айдос Үкібай бұл жобаға да әуел баста күдікпен қарайтындар болғанын айтады.

«Әрине, Елбасы идеясына күмәнмен қарайтындар да болды. Бірақ, 1994 жылы да саясаткерлердің көпшілігі Қазақстанның астанасын көшіру және жаңасын тұрғызу идеясына күмәнмен қарағаны есімізде. Алайда скептиктер мына бір маңызды факторды ескермеген еді: Нұрсұлтан Назарбаев басталған істі әрдайым аяғына дейін жеткізеді», - дейді Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы.

Ол, сондай-ақ, үш жылдың ішінде Түркістанның қарқынды дамығанын көріп инвесторлар мен отандық бизнесмендер тарапынан қала аумағында түрлі жобаларды іске асыру туралы ұсыныстар молынан түсіп жатқанын жеткізеді. Жергілікті кәсіпкерлердің өз бизнестерін кеңейту үшін көбірек жер сұрап жатуы өңірдің жарқын болашағынан хабар беретін белгі екенін айтады.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Түркістанның жаңғыруы – тек әсем де айбынды нысандар ғана емес, ең алдымен, өңір тұрғындарының және барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру екенін үнемі атап өтті. Сондықтан екінші кезеңде өңірде денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму саласындағы жобалар (өңірді дамыту жоспарының 140-тан астам іс-шарасы) іске асырылатын болады. Кешенді дамудың екінші кезеңін іске асыру шеңберінде жыл сайын 40 мың жұмыс орны құрылатын болады. 2025 жылға дейін 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 26,5 мың пәтер салу және пайдалануға беру жоспарлануда», - деді ол.

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы аталған нәтижелерге Елбасының саяси ерік-жігерінің, қажырлы еңбегінің және жеке қатысуының арқасында қол жеткізілгенін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Түркістанның қайта түрленуіне ерекше мән беріп отырғанын атап өтеді.

«Қала мен аймақты дамытуда жергілікті әкімдік пен Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктелген. Олар Тұңғыш Президент бекіткен тұжырымдама мен жоспарларды нақты және уақтылы жүзеге асырып отыр. Премьер-Министр бастаған Үкіметтің үйлесімді командалық жұмысы пандемия жағдайында да барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, маңызды әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Түркістан мен Түркістан облысы әрбір кезекті сапармен бізді жаңа жетістіктермен таңғалдыратынына сенімдімін», - деген А.Үкібай ой-толғамын Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен түйіндеді:

«Бүгін біз бұрын тіпті армандай алмаған істі жүзеге асырып жатырмыз. Бұған қуануымыз керек. Бұл жетістігімізді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймыз. Біз тәуелсіз Қазақстанды дамытып, ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырып отырмыз. Бірлігіміз алдағы уақытта да нығая берсін. Тек жұдырықтай жұмылу арқылы ғана жолымыздағы қиындықтардың бәрін жеңеміз».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT