2025 жылға дейін республикалық маңызы бар 24 мың шақырым жол жаңартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар 24 мың шақырым жол жаңартылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік-логистикалық кешенді дамыту да өзекті мәселе болып қала береді. «Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру табыс болды. Ол елорданы еліміздің өңірлерімен сәуле принципімен жалғауға мүмкіндік жасады. Көлік жүйесінің жаңа сұлбасы қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздермен интеграциясы қамтамасыз етілді. Қазақстанның Азия мен Батыс арасын жалғаушы буын ретіндегі тарихи мәртбесі қалпына келтірілді», - деді Қазақстан Президенті.

Дегенмен, Мемлекет басшысы бұл саладағы бәсекелестіктің жоғары екендігін атап өтті.

Орталық Азия өңірінде балама жобалар пайда болды. Олар Қазақстанның транзиттік әлеуетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан «Нұрлы жолдың» екінші кезеңі еліміздің көлік-транзит саласындағы көшбасшы мәртбесін нығайта түсуі тиіс. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі үдемелі инфрақұрылымдық жобалар, жаңа елдер мен компаниялар тарту, транзиттік бағдарламалардың сервисі мен жылдамдығы есебінен арта түсуі қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар барлық 24 мың шақырым жол жаңартылуы тиістігін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар