2025 жылға дейін негізгі салаларға 10 мың маман оқыту жоспарын әзірлеу қажет - Қ.Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейін негізгі салаларға 10 мың маман оқыту жоспарын әзірлеу қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

«Үкіметке Индустрия 4,0 дамытуға қажетті негізгі салалар үшін 2025 жылға дейін 10 мың маман оқытудың жоспарын әзірлеуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, Ұлттық инвесторлар кеңесі елдің жоғары басшылығының отандық бизнеспен жүйелі диалогы үшін тұрақты қолданыстағы алаңға айналуы тиіс.

«Біз кеңес жұмысының жаңа форматын қалыптастыруға тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар