2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады
Оның атап өтуінше, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының жоғары білімге қатысты негізгі бағыттары - халықаралық аккредиттеуден өткен жаһандық білім беру бағдарламаларын іске асыруға қол жеткізу, шетелдік әріптестермен академиялық алмасуларды кеңейту, 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдарын ашу.
«2021-2022 оқу жылына контингенттің жалпы саны 623 839 адамды құрады. Барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы – 68,9 пайызды құрады. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 36 мың адам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. 2025 жылға дейін 90 мыңға дейін көтеріледі. Сондай-ақ, студенттердің стипендиясы да артып келеді. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге артады», - деді ол.