2025 жылға дейін құрылыс саласына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салынбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өндіріс орындарын аралаған Премьер-Министр құрылыс материалдарына деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Осы орайда, инвестиция көлемі де ұлғайтылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министр «Зерде Керамика Ақтөбе» ЖШС-нің керамогранит және қыш тақташа өндіретін жаңа зауытының қызметімен танысты. «Ақтөбе» индустриялық аймағы мен Өнеркәсіпті дамыту қоры желісі бойынша мемлекеттік қолдау алған кәсіпорын өз өнімін ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізеді.

Сондай-ақ, Үкімет басшысына қуаты жылына 650 мың тонна жоғары қоспаланған болат өндіруге жететін балқыту зауыты құрылысының жобасы таныстырылды. Жобаны іске асыру бүгінде шамамен $1 млрд көлемінде импортталатын құрылыс арматурасын отандық өніммен алмастыруға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр елімізде құрылыс материалдарына деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет 2025 жылға дейін құрылыс саласына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 160-қа жуық жаңа жобаны іске асыру және 15 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарда бар.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.

Бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады.

«Ақтөбе-Ұлғайсын» автожолын қаржыландыру тетіктерін анықтауды тапсырды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері туралы пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар