2025 жылға дейін идеологиялық тұрғыдан ескірген 3 мыңға жуық ономастикалық атау алмастырылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау жөніндегі 2022−2025 жылдарға арналған жол картасының аясында 3 мыңға жуық ономастикалық атау алмастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің Сенат депуаттаының сауалына жолдаған жауабында айтылған.

«Былтырдан бері идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау жөніндегі 2022 − 2025 жылдарға арналған жол картасы іске асырылуда. Жол картасының аясында 2021 жылы 68 елді мекен мен олардың 572 құрамдас бөлігінің атаулары өзгертілді. Жалпы жол картасының шеңберінде 3 мыңға жуық ескірген атауларды алмастыру жоспарланған», - деп жазылған вице-Премьердің жауабында.

Бұған дейін Астана маңындағы Лесная полянаның атауы өзгеруі мүмкін екені хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар