2025 жылға дейін ел тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі - Өскенбаев
2022 жылғы 4 мамыр 10:56

2025 жылға дейін ел тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі - Өскенбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін ел тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жарғылық капиталын ұлғайту арқылы су арналарының материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде іс-шаралар қабылдауы қажет. Мемлекет басшысы тапсырмаларының іске асырылуы жергілікті атқарушы органдардың бірлескен және үйлесімді жұмысына тікелей байланысты», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Индустрия және инфрақұрылымдық дамук министрлігінің тұрақты бақылауында тұр.

«Мемлекет басшысының халықты бес жылдың ішінде ауыз сумен толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасы кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін орындалатын болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT