+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есеге өседі - Тоқаев

2020 жылғы 27 мамыр 12:33
Бөлісіңіз:
2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есеге өседі - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық оқушыларға 24,5 мың компьютер мен ноутбук сатып алынуда Атырау облысының мектептеріне планшеттер жеткізілді Студенттерден курсты аяқтаған кезде өткізуі тиіс кету қағазы талап етілмейтін болады

«Ұлттық кеңес 1 жылға жуық уақыт аралығында аса маңызды әрі ауқымды реформаларды пысықтап, жүзеге асырды. Қоғамдық диалогтың ұлттық моделі өз тиімділігін көрсетті. Қазір алдағы кезеңнің күнтәртібін анықтап алуымыз қажет. Кез келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналды. Осы орайда біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арнадық. Бұл білім беру, ғылым және денсаулық саласы»,- деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отырғандығын баса айтты.

«Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетінін ескерген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT