2025 жылға дейін ауылдағы 10 мың жас жұмысқа орналасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында 30 мың жасты, оның ішінде 10 мың ауыл жастарын жұмысқа тұрғызу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылында жастар саясатында ауқымды да қарқынды жұмыстар атқарылды. 1993 жылы Тұңғыш Президентіміздің Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бағдарламаның арқасында 15 мыңнан астам жас әлемнің ең озық унивеситеттерінде оқуға мүмкіндік алды. Бүгінде шетелден оқып келген түлектердің 54 проценті мемлекеттік органдарда, 30 проценті жеке секторда, 16 проценті халықаралық ұйымдар мен ұлттық компанияларда қызмет етеді. 1992 жылы талантты жастарды қолдауға арналған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалды», - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін 296 жас осы сыйлықтың иегері атанған.

«Сондай-ақ жас ғалымдарды қолдау мақсатында жыл сайын үздік ғылыми жобаларға Дінмұхамед Қонаев және Мұхтар Әуезов атындағы арнайы сыйлықтар табысталады. Мемлекеттік жастар саясатындағы өзгерістер екі мыңыншы жылдардан бастап тың серпін алды.

«Қазақстан жастары» мемлекеттік бағдарламасы, Меммлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданып, «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен – ауылға», «Серпін» жобалары іске қосылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2005-21 жылдары 44 млн 300 мың түп ағаш егіліп, 149 мың гектар жер өңделді. 300 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Бұл нәтижелі жоба алдағы уақытта да жалғасын табады. 2025 жылға дейін 30 мың жасты, оның ішінде 10 ауыл жастарын жұмысқа тұрғызу жоспарда бар», -деді министр.


Соңғы жаңалықтар