2025 жылға дейін ағаш өңдеу өнеркәсібінде 21 жоба іске асады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін ағаш өңдеу өнеркәсібінде 21 жоба іске асады. Бұл жайында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсінде қалыптастырылған инвестициялық жобалар пулы аясында жалпы сомасы 126,3 млрд теңге болатын ағаш өңдеу өнеркәсібінің 21 жобасын іске қосу жоспарланған. Шамамен 1 400 тұрақты жұмыс орны құрылады», - деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, бүгінде елімізде ағаш өңдеу саласында 390 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Олар сығымдалған тақтайша, ламинатталған панель, фанер және басқа да өнімдер шығарады.

«Жалпы, ағаш өндеу өнеркәсібі өндірісі көлемінің артқаны байқалады. Мәселен, 2020 жылы өнім өндірісінің көлемі - 26,3 млрд теңге, 2021 жылы - 29,7 млрд теңге, 2022 жылы - 32,8 млрд теңгені құрады. 2022 жылы ағаш өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артты», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар