2025 жылдың соңына дейін Жамбыл облысындағы барлық елді мекен 4G байланыспен қамтылады - Нұржан Нұржігітов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылдың соңына дейін Жамбыл облысындағы елді мекендердің барлығы 100% 4G байланысымен қамтылады, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифнгіде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов цифрландыру бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның сөзінше, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілген.

«Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 165 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G-ге арттыру, 28 елді мекенді электр желілері мен антенна-діңгек құрылысымен, 155 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен, республикалық және облыстық маңыздағы жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету сияқты міндеттер тұр. Жалпы алғанда 2025 жылдың соңына дейін облыстағы елді мекендер 100% 4G-мен қамтылатын болады», - деп мәлім етті Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.


Соңғы жаңалықтар