2025 жылдан бастап кедейлік шегі медиандық табыс бойынша айқындалады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін кедейлік шегі медиандық табысқа сүйене отырып айқындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екінші стратегиялық бағыт – атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту. Ол алдын алу сипатындағы атаулы шараларды және туындаған әлеуметтік тәуекелдердің салдарын жою үшін атаулы көмекті қамтитын болады. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдардың нысаналы контингенті Отбасының цифрлық картасы негізінде айқындалады», – деді ведомство басшысы.

Министр 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұлғайтылғанын, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтаушы шоттарына аудару көзделгенін еске салды.

«Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту үшін 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін кедейлік шегі медианалық табысқа сүйене отырып айқындалады. Құрамында мүгедектігі бар адамдар бар отбасылар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады», - деді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін де кедейлік шегі енді медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатындығы айтылды.


Соңғы жаңалықтар