2024 жылы ғарышқа қытайлық «Вэньчан» ғарыш айлағынан коммерциялық ұшырылымдар жоспарланған

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Қытайдың Хайнань провинциясының билігі маусым айында ғарышқа тұрақты коммерциялық ұшырылымдарды ұйымдастыру үшін «Вэньчан» ғарыш айлағында ұшыру алаңдарының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Наньхайван» сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Вэньчан қаласының вице-мэрі Ван Гуанчжидің айтуынша, алғашқы екі ұшырылым алаңының іске қосылуы «Вэньчан» ғарыш айлағынан коммерциялық ғарыштық ұшырылымдарды тұрақты негізде жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

Ғарыштық коммерциялық ұшырылымдар бағдарламасы Хайнань аралында халықаралық аэроғарыштық қаланы құру шеңберінде іске асырылуда. Зымырандар мен спутниктерді құрастыру және сынақтан өткізу жөніндегі зауыттар, сондай-ақ деректер спутниктерін қолдану жөніндегі дата-орталықтар салу күтілуде.

Вэньчан қаласында аэроғарыштық тақырыптағы туристік аймақтар мен Қытайдың ғылыми-техникалық жоғары оқу орындарына арналған зерттеу орталықтарын салу жоспарлануда.

Жергілікті БАҚ жазғандай, «Вэньчан» ғарыш айлағынан ғарыштық ұшырылымдар Вэньчан қаласының маңында туризмнің дамуына жаңа серпін береді. Бұл қаладағы қонақүй нөмірлерінің барлығы дерлік зымыран ұшырылғанға дейін бір ай бұрын брондалады.

Хайнань аралының солтүстік -шығыс жағалауындағы «Вэньчан» ғарыш айлағынан Қытайдың «Тяньгун» («Аспан сарайы») бірінші орбиталық станциясын салу үшін «Тяньчжоу» жүк кемелері ұшырылады.


Соңғы жаңалықтар