2024 жылы елімізде Бүкіләлемдік саясаттанушылар конгресі өтуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Бүкіләлемдік саясаттанушылар конгресін өткізуге өтінім беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның саяси зерттеулер қауымдастығының президенті Есенжол Алияров хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Президент әкімшілігімен келісе отырып, 2024 жылы Қазақстанда Бүкіләлемдік саясаттанушылар конгресін өткізуге өтінім беруді жоспарлап отырмыз», - деді Есенжол Алияров елордада өткен Қазақстан саясаттанушыларының конгресінде.

Сонымен бірге, қауымдастық басшысы Қазақстанның саяси зерттеулер қауымдастығы мен Саяси ғылым қауымдастығын бір ұйымға біріктіру жөнінде шешім қабылданғанын айтты.

​ «Бүгінгі күнге дейін елімізде екі қауымдастық жұмыс істеп келді: Саяси ғылым қауымдастығы және Саяси зерттеулер қауымдастығы. Біз екі ұйымды Саяси зерттеулер қауымдастығына қосу туралы шешім қабылдадық. Себебі, Саяси зерттеулер институты Бүкіләлемдік саяси ғылым қауымдастығының мүшесі саналады», - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан саясаттанушыларының конгресі өз жұмысын бастады. Конгресс аясында Қазақстандағы саяси ғылымның даму келешегі, 2020 жылы Лиссабонда өтетін Бүкіләлемдік саясаттанушылар конгресіне қатысу мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар