+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

2024 жылы еліміз өзін-өзі алмамен толық қамтамасыз етеді

2021 жылғы 2 наурыз 09:26
Бөлісіңіз:
2024 жылы еліміз өзін-өзі алмамен толық қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2024 жылы еліміз өзін-өзі алмамен толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 4 өңірі ғана «жасыл» аймақта Асқар Мамин: 47 мың жобаға 2,5 трлн теңге жеңілдетілген несие беріледі

«Бүгінгі таңда алманы жалпы тұтыну көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың гектар алаңда жаңа қарқынды бақтар салу есебінен молықтыру болжанып отыр», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ өсіретін өңірлер: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары және Шымкент қаласында шоғырландыру ұсынылады.

«Жыл сайынғы бақ отырғызу көлемі орта есеппен 2 мың гектар болады. Бұл толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, алмаға деген тапшылықты жойып, 2024 жылы өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Сапархан Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT