2024 жылы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мектептері бір ауысыммен оқи бастайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет кулуарында Астана мектептері бур ауысымды оқыту жүйесіне қашан көшетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептердің бір бөлігі біртіндеп бір ауысымды оқыту жүйесіне көше бастайды. 2024 жылға қарай алғашқы 226 мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарлап отырмыз. Бұл Астанада, Алматыда, Шымкентте болады. Өйткені осы қалалар бір мезетте бірден көптеген мектеп салып жатыр», - деді министр Үкімет отырсынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ведомство басшысы бұл өзгеріс елдегі бірнеше ауысымды мектептердің проблемасын жоятынын еске салды.

«Осылайша мектептердің бір бөлігі бір ауысымды жүйеге көше бастайды. Ал үш ауысыммен оқып келген, орын жетпей жүрген мектептер сәйкесінше проблемасын шеше бастайды. Бұл сыныптардың шектен тыс толымдылығын да шешеді. Мұғалімге бұл өте қиын.

Бұл теңдесі жоқ жоба және оған теңдесі жоқ қаражат бөлініп отыр. Енді соның сапалы игерілуін бақылау керек», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар