+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

2024 жылға қарай денсаулық саласына ЖІӨ-нің 5 пайызы бөлінеді

2019 жылғы 21 қазан 17:12
Бөлісіңіз:
2024 жылға қарай денсаулық саласына ЖІӨ-нің 5 пайызы бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 2024 жылға қарай денсаулық сақтау саласына Жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек – Ерлан Саиров Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті Елімізде осал топқа жататын әйелдерді қолдау орталығын ашу ұсынылды

«2025 жылға қарай алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен қоғамдық денсаулыққа жұмсалатын шығыстардың үлесі Президент тапсырмасына сәйкес 60 пайызға дейін жеткізіледі. Бұл үшін министрлік бюджет қаражатын жоспарлаудың тиімділігін нәтижеге байланысты арттыру жұмысын қолға алды. Алдымен, мемлекеттік бюджеттің денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстары жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызынан 2,8 пайызға дейін өседі. Бұл ретте қосымша қажеттілік 1,2 трлн теңгені құрайтынын атап өту керек», - деді Елжан Біртанов Парламент Сенатындағы Үкіметтік сағатта.

Министрдің айтуынша, жеке шығыстардың үлесі қазіргі деңгейде сақталуы қажет. Яғни жалпы ішкі өнімнің 1,4 пайызынан аспауы тиіс.

«Бюджеттік емес қордың үлесі (жұмыс берушілердің аударымдары және басқалар) болжаммен 2024 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 0,55 пайызына дейін жеткізіледі. Осылайша, Қазақстан 2024 жылы денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстар жалпы ішкі өнімнің 5 пайызға дейін жеткізіледі», - деді ол.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусым айында Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2025 жылға қарай білім мен денсаулық сақтау салаларына ЖІӨ-нің 10 пайызын жұмсау көзделіп отырғанын мәлім еткен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT