2023 жылы зейнетақы көлемі қаншаға өседі

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат- 2023 жылы ең төменгі зейнетақы 53 мың теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге, ал ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге болады.

Сонымен қатар жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген.

Айта кетерлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін белгіледі. Қор мәліметінше, 2023 жылға белгіленген ең төмен жеткіліктілік шегі жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Толығырақ мына материалдан оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар