2023 жылы Ұлттық қордан тартылатын қаражат 1,4 трлн теңгеге азайтылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы Ұлттық қордан тартылатын қаражат 1,4 трлн теңгеге азайтылды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерге бюджет жобасын қарау кезінде және талқылау кезінде белсенді жұмыстарыңыз үшін үлкен алғысымызды айтамыз. Был 3 жылдық бюджетті қалыптастыру өте күрделі макроэкономикалық жағдайда жүргізілді. Соған қарамастан біз келесі жылы Ұлттық қордан тартылатын қаржыны 1,4 трлн теңгеге азайттық. Бюджеттің өз табысын 3,7 трлн теңгеге ұлғайттық. Бюджет тапшылығын 3,3 пайыздан 2,7 пайызға төмендеттік. Және де осы саясатты ары қарай жалғастыру қажет деп ойлаймын», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр аталған жұмыста Үкіметке көрсеткен үлкен қолдауы үшін сенаторларға ризашылығын білдірді.

«Депутат корпусынан көптеген ұсыныс айтылды. Оларды біз назарға алдық және жұмысымызда ескеретін боламыз», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар