2023 жылы резидентураға бөлінген грант саны 70% артады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу басталады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қорытынды алқа мәжілісінде Ажар Ғиният осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылы тиісті заң қабылданғаннан кейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу басталады. Бұл шаралар пациенттердің құқықтарын қорғауды, медицина қызметкерлерін заңмен қорғауды қамтамасыз етуге, медициналық мамандықтың беделі мен оған деген құрметті арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақты денсаулық сақтау саласына тартуға арналған», - деді министр.

Сондай-ақ, биыл ведомство қосымша 36 кәсіби стандартты әзірлеп, өзектендіруді жоспарлап отыр.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен резидентура грантының санын 70%-ға ұлғайтып, 2,5 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін 270 мыңнан астам медицина қызметкері заңмен қорғалады», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар