2023 жылы «Отбасының цифрлық картасы» өндірістік пайдалануға қосылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы «Отбасының цифрлық картасы» өндірістік пайдалануға қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық инфрақұрылым аясында азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтердің 100 пайызы қашықтан онлайн беріледі. Бүгінде eGovMobile қосымшасын 13 млн адам пайдаланып, 17 млн-нан астам қызмет көрсетілді. 26 қызмет проактивті форматта көрсетілуде», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, платформалық модельге көшу үшін «QazTech» отандық платформасын құру бойынша бұлттық технологияларға көшу кезеңі іске асырылады.

«Әлеуметтік қорғау» бағыты аясында «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық режимде іске қосылды. Қазіргі уақытта 80 критерий бойынша 6,5 млн отбасына мониторинг жүргізілді. Келесі жылы оны өндірістік пайдалануға қосуды жоспарлаудамыз», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар