Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

2023 жылы «Орал-Атырау» трассасы жөндеуден өтеді

2022 жылғы 20 маусым 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Батыс Қазақстан облысында жол салу және жөндеу жұмыстарына өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық қаржы бөлінген. Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл жол салу және жөндеу жұмысына 51 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 600 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін жергілікті жолдардың деңгейін 39-дан 50 дейін жақсарту жоспарланған», - деді Ғали Есқалиев.

Одан бөлек, өңір басшысының айтуынша, 248 шақырымды құрайтын Оңтүстік-Батыс жолына күрделі жөндеу жүріп жатыр.

«ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының мәліметінше биыл облыс көлемінде 174 шақырым жол пайдалануға беріледі. Ал жобаны толық аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл Орал қаласынан Ресейдің Орынбор қаласына дейінгі автокөлік жолына жөндеу жұмысы басталады. Жолдың ұзындығы 144 шақырымды құрайды. Сол сияқты бүгінде «Орал-Атырау» тасжолы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Аталған жолдың біздің облысқа қарасты аумағы – 335 шақырым. Жолды жөндеу 2023 жылы қолға алынбақ», - дейді ол.

Еске сала кетсек, биыл Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасын көтеріп, Үкімет пен аймақ басшысына тапсырма жүктеді.

Сондай-ақ, таяуда «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы БҚО-дағы салынып жатқан жолдардың барысын көрсету үшін баспасөз турын ұйымдастырған еді.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары