2023 жылы өңірлерге бюджеттен 6 трлн теңге бөлінеді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 6 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдерді экономикалық ынталандыру, олардың қаржылық дербестігі мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешудегі жауапкершілігін кеңейту үшін республикалық бюджеттен барлық ағымдағы трансферттерді жергілікті бюджеттер базасына беру жүзеге асырылды», - деді ол.

Вице-министрдің дерегінше, үш жыл ішінде өңірлерге 9,5 трлн теңге, оның ішінде 2023 жылы 2,8 трлн теңге көлемінде шығыстар беріледі.

«Үш жылдық кезеңде дамуға арналған нысаналы трансферт түріндегі шығыстар 3,3 трлн теңгені, оның ішінде 2023 жылы 1,1 трлн теңгені құрайды. Жалпы, 2023 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 6 трлн теңге бөлінеді. Бұл бюджеттің жалпы шығыстарының шамамен 29 пайызын құрайды», - деді Татьяна Савельева.


Соңғы жаңалықтар