2023 жылы Маңғыстауда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы саласы — ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерін, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында бюджеттен субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға-818 млн теңге, егіншілікті дамытуға - 43,6 млн теңге, инвестициялық субсидиялауға - 720,4 млн теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға - 350 млн теңге. Мал шаруашылығы саласын субсидиялауға 2021 жылы 127 млн теңгені бөлінсе, 2023 жылы бұл қаражат 818 млн теңгеге дейін ұлғайған.


Жалпы, өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін 2019-2021 жылдары агроөнеркәсіптік кешеннің 1005 субъектісіне 2,33 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінген. 2022 жылы - 2,2 млрд теңгеге 661 агроөнеркәсіптік кешен субсидияланған.


- Сондай-ақ өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында біз «Ауыл аманаты» деп аталатын ауыл азаматтарына несие беру жобасын іске асырамыз. Жоба шеңберінде жылдық 2,5% - бен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер беріледі. Жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 250 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба ауыл тұрғындарының әл - ауқатын арттыруға және олардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді деген үміттемін, - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар