2023 жылы киік атпайтын болдық – Серікқали Брекешев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет кулуарында киік санын реттеу шаралары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз ақбөкендерді атуға жарияланған мораторийді ұзарту туралы ұсыныспен ақпарат жібердік. Егер біздің ұсынысымыз қолдау тапса, онда 2023 жылдың соңына дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы ақбөкендерді атпаймыз», - деді Серікқали Брекешев.

Еске сала кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мұның алдында елімізде киікті жаппай аттуға рұқсат берілмейтінін айтқан еді.

«Киіктерге қатысты шешімді әлі қабылдаған жоқпыз. Осы айдың соңына дейін тиісті ұйғарым болатынын айтқан едім. Қандай шешім қабылданса да, бұл бағыттағы жұмыстарды келесі жылдың күзінде бастаймыз. Жаппай атудан бас тарттық. Киіктерді жаппай атуға қатысты шешім қабылдамаймыз», - деді Серікқали Брекешев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.


Соңғы жаңалықтар