2023 жылы Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдейді

2022 жылғы 29 қараша, 14:04
2023 жылы Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық даму банкі 2023 жылы Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдейтінін жариялады. Бұл туралы аталған банктің 2023 жылға арналған макроэкономикалық болжамын таныстыру кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бағалауымызға қарағанда, инфляция 2023 жылдың басындағы шамамен 19 пайыздан 2023 жылдың желтоқсанында 8 пайызға дейін төмендейді. Инфляция бәсеңдеуі мүмкін, дегенмен инфляция тәуекелі әлі де жоғары деп есептейміз. Бұған негізінен сыртқы сектор ықпал етеді. Осыған орай Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 16 пайыз деңгейінде сақтайды деп ойлаймыз. Одан әрі инфляцияның тұрақты бәсеңдеуі жағдайында және сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуіне қарай мөлшерлеме 2023 жылдың екінші жартысында төмендей бастауы мүмкін», - деді Аналитикалық жұмыс дирекциясының елдер бойынша талдау жүргізу орталығының аға талдаушысы Айгүл Бердіғұлова.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.

Қазан айының қорытындысы бойынша инфляция 18,8 пайызға жетті.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar