2023 жылы бір АҚШ доллары 486 теңге шамасында болуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық даму банкінің экономистері жүргізген зерттеу жұмысының аясында келесі жылы бір АҚШ доллары 486 теңге шамасында болуы мүмкін екені жарияланды. Бұл туралы аталған банктің 2023 жылға арналған макроэкономикалық болжамын таныстыру кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Теңгенің орташа жылдық бағамы 2023 жылы долларға шаққанда шамамен 486 теңгені құрауы мүмкін. Бұл негізінен мұнай бағасының төмендеуі және осының салдарынан экспорттан келетін түсімдердің азаюы мүмкіндігінен қалыптасуы ықтимал. Осы орайда теңге бағамына қатысты тиісті өзгеріс байқалмақ», - деді Аналитикалық жұмыс дирекциясы елдер бойынша талдау жүргізу орталығының аға талдаушысы Айгүл Бердіғұлова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 465-470 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 467, 99 теңге.


Соңғы жаңалықтар