USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

2023 жылы аса тапшы медицина мамандықтарына 2600 грант бөлінеді

2021 жылғы 2 желтоқсан 13:35
Бөлісіңіз:
2023 жылы аса тапшы медицина мамандықтарына 2600 грант бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының шеңберінде аса тапшы медициналық мамандықтар резидентурасының грант санын арттыру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 39 млрд 954 млн теңге, жергілікті бюджеттерден 11 млрд 568,3 млн теңге бөлу көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында 17,5 мың студент бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім алуда Қызылорда облысында бастауыш сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алады Қарағандылық оқушылар StemСo халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ҚазАқпарат сауалына берген жауабында осындай мәлімет айтылған.

Ұлттық жоба шеңберінде «Адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды жаңғырту міндетіне» 52 млрд 122,2 млн теңге қаржы бөлу көзделген. Республикалық бюджеттен – 40 млрд 554 млн теңге, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен – 11 млрд 568,3 млн теңге жұмсалмақ.

«Бұл қаражат 2023-2025 жылдар аралығында қарқынды терапияны қоса алғанда, жетекші әлемдік орталықтарда 156 дәрігерді оқытуды жүзеге асыруға жұмсалады. 2023 жылдан бастап жыл сайын 52 дәрігер осы тәсіл бойынша біліктілігін арттырады. Қаржыландыру көлемі жыл сайын 200 миллион теңгені құрайтын болады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 600 млн теңге болады», - делінген министрлік баспасөз қызметінің жауабында.

Сондай-ақ, аса тапшы мамандықтар резидентурасының грант санын 2022 жылы 1500-ден 2025 жылы 3800 грантқа дейін кезең-кезеңімен ұлғайту қарастырылып отыр. Ол үшін 2022 жылы – 1500 грант, 2023 жылы – 2600 грант, 2024 жылы-3060 грант, 2025 жылы -3800 грант бөлу жоспарда бар.

«Бұл үшін республикалық бюджеттен 39 млрд 954 млн теңге, жергілікті бюджеттерден 11 млрд 568,3 миллион теңге бөлу жоспарлануда.

Ұлғайту 2023 жылдан бастап жоспарлануда. 2023 жылы республикалық бюджеттен 1700 грантқа 9 786 миллион теңге және жергілікті атқарушы органдар есебінен 900 грантқа 792,4 миллион теңге бөлінеді. 2024 жылы республикалық бюджеттен 1800 грантқа 10 млрд 947 млн теңге және жергілікті бюджеттерден 1260 грантқа 3 млрд 486,3 млн теңге бөлінеді. 2025 жылы республикалық бюджеттен 2000 грантқа 11912 млн.теңге және жергілікті бюджеттерден 1800 грантқа 7289,6 млн.теңге бөлінеді», - деп жазады мнистрліктің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT