2023 жылы Алматы тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі - Сағынтаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 2023 жылы Алматы тұрғындары ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астанада су құбырлары мен кәріз желілерін тарту жұмыстары басталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, көше жарығы да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей және жанама ықпал ететін факторлардың бірі.

«Біз қала бюджетін бұрын еш жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға бағыттадық. Қазіргі кезде осындай 208 көшенің сыртқы жарығының құрылысы аяқталды», - деді Бакытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, келер жылы 1 176 көшенің жарығы реттеледі. Осылайша, сыртқы жарық деңгейі 100 пайызға жетеді.

Бақытжан Сағынтаев Алматының абаттандырылған аулаларының үлесі – 55 пайыз екенін айтады. Жыл басынан бері 672 аула абаттандырылып, 2020 жылдан бастап «Менің аулам» ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынады.

Аулаларды толық абаттандыру таяудағы екі жыл ішінде аяқталады.

Соңғы жаңалықтар