2023 жылға қарай ішкі туризм 4 есеге өспек - Асқар Мамин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Нұрсұлтан Назарбаевқа елімізде туризм саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздің тапсырмаңызға орай, Үкімет «Қазақстан туристері ағыны» мемлекеттік жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаның 7 басым бағыттар бар. Біздің негізгі мақсатымыз 2023 жылға дейін туризмнің қазіргі экономикадағы үлесін 1,9 пайыздан 8 пайызға дейін ұлғайту», - деді Асқар Мамин Бурабайда Елбасына шаңғы базасын таныстыру кезінде жасаған баяндамасында.

Оның айтуынша бұл көрсеткіш әлемнің озық дамыған мемлекеттерінің деңгейінде.

«Қазіргі кезде  құрамына 60-тан астам туристік объектілер кіретін туристификация картасы әзірлену үстінде. Картаға енгізілген жобалар халықаралық алаңдарда дамытылады. Осы топқа кірген 10 туристік жобаны жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту қажет-, деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар, А.Мамин еліміздегі туристер ағымын арттыру бойынша алдағы жоспарлар туралы айтты.

«2023 жылға қарай біз ішкі туризмді 500 мың адамнан 2 миллион адамға, яғни, 4  есеге арттыратын боламыз»,- деп сөзін түйді ол.

Соңғы жаңалықтар